
- 20 мая 2025 18:51
- 151
Атыраулық такси жүргізуші әлемдегі ең сабырлы адам атанды
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада жол апатына түскен атыраулық такси жүргізушінің ерекше сабырлылығы күллі әлемді таңғалдырды. 2024 жылы болған оқиғада Lada Granta көлігіне екінші көлік келіп соғылып, салдарынан көлік төңкеріліп қалады. Алайда жүргізуші көлік ішінде төбені ақырын ғана итеріп, бейқам күйде жата берген.
Бұл оқиға желіде кеңінен тарап, 125 миллионнан астам қаралым жинады. Желі қолданушылары ер адамның әрекетіне таңғалып, «бұл қазақ неден жасалған?» деп әзіл-шыны аралас пікір қалдырды.
Оқиғаға қатысты нақты ресми түсініктеме берілмегенімен, видеодағы жүргізушінің мінезі оны «әлемдегі ең сабырлы такси жүргізушісі» атағына лайық етті.