
Фото: freepik.com
- 23 авг. 2025 01:11
- 13
Колледж басшылығы 5 жыл бойы студенттердің стипендияларын заңсыз иемденген
Колледж басшылығы 5 жыл бойы студенттердің стипендияларын заңсыз иемденген, деп хабарлайды Infohub.kz.
Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінде 204,1 млн теңгені заңсыз иемдену фактісі тіркелген. Бұл туралы қалалық Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жүргізген тексеріс кезінде анықталды.
«Тексеру қорытындысы бойынша жалпы сомасы 204,1 млн теңгені заңсыз иемденген, оларды мемлекеттік бюджетке өтеу қажет. Аталған соманың ішінде аудит барысында 3 млн теңге өндіріп алынды. Басшылық 2021–2025 жылдары колледжде заңнама талаптарын бұза отырып, білім алушылардың тамақтану, тұру және оқу әдебиетін сатып алу шығындарын ішінара өтеуге бөлінген бюджет қаражатын заңсыз иемденген», - делінген хабарламада.