
- 05 авг. 2025 14:21
- 23
Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі 6 тамызда Алматыда өтеді
Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі 6 тамызда Алматыда өтеді,деп хабарлайды Инфохаб тілшісі.
Қазақстанның тұңғыш кәсіби ғарышкері, Халық қаһарманы Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевпен қоштасу рәсімі 6 тамыз күні өтеді. Бұл туралы Алматыдағы Қарулы күштер ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігі хабарлады.
Марқұммен қоштасу сағат 09:00-де Алматы қаласындағы Офицерлер үйінде басталады. Кейін 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта митинг ұйымдастырылады.
Ғарышкердің денесі Кенсай зиратына жерленеді.
Еске салайық, Талғат Мұсабаев – Қазақстаннан ғарышқа үш рет ұшқан жалғыз адам. Ол 1994, 1998 және 2001 жылдары ғарыш сапарына аттанып, жалпы 341 күн 9 сағаттан астам уақытын Жер орбитасында өткізген.