
- 19 мар. 2025 10:14
- 18
Көрнекті ғалым Болат Бопайұлы дүниеден өтті
Белгілі этнограф, жазушы Болат Бопайұлы өмірден озды. Қайғылы хабарды жазушы-публицист Марат Байділдаұлы жеткізді.
Болат Бопайұлы 1960 жылы Қытайдың Көктоғай өңірінде дүниеге келген. Атажұртқа оралғаннан кейін этнография саласына терең бойлап, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын зерттеуге өмірін арнады. Ол «Қазақ мінезі», «Қазақ кәдесі», «Қазақы түс жору», «Бастаудан бақиға дейін» сынды құнды еңбектерін қалдырды.
Кеше ғана екі томдық «Қазақ салт-дәстүр, әдет-ғұрып этнографиясының методикалық энциклопедиясы» атты еңбегінің тұсаукесеріне шақырған ғалымның кенеттен өмірден өтуі көпшілікті есеңгіретті.