Последнее обновление

(Время обновление 6 месяцев назад)
Антикор Президент тапсырмаларын жүзеге асыруда

17 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалидің басшылығымен жедел кеңес өтті. Кездесуде Ұлттық құрылтайдың 4-ші отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалуы талқыланды.

Агенттік «Заң және Тәртіп» идеологиясын енгізуді жалғастыруға басымдық береді. Бұл қоғамда құқық бұзушылыққа, әсіресе сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ, «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту және патриоттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлінеді.

Жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін цифрландыру мен жасанды интеллект енгізу жұмыстары жалғасады. «Цифрлық теңге» арқылы қаржы қозғалысын бақылау, білім саласында «бұлтты бухгалтерия» енгізу, «е-Спорт» және «е-Qurylys» секілді ақпараттық жүйелер мемлекеттік қаражаттың мақсатсыз жұмсалуына тосқауыл болуға тиіс.

Энергетика, агроөнеркәсіп, көлік және туризм салаларындағы жемқорлық тәуекелдері ерекше назарға алынуда. Бұл салалар экономиканың тұрақты дамуына үлкен мүмкіндік береді. Агенттік осы бағыттар бойынша талдау жүргізіп, анықталған тәуекелдерді жою жөнінде ұсынымдар енгізді.

Президент атап өткендей, жыл сайын жаңа инвестициялық жобалар іске қосылып, қомақты бюджет қаражаты бөлінеді. Сондықтан Антикор мемлекеттік қаражаттың тиімді әрі нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз етуге күш салмақ.

You Might Also Like

Новости

Реклама