
- 19 мар. 2025 09:12
- 16
Кремль Украина мәселесіне қатысты қандай ұстанымда?
Ресей Президенті Владимир Путин Дональд Трамптың Украина мен Ресейдің энергетикалық нысандар мен инфрақұрылымға шабуылдарын 30 күнге тоқтату туралы ұсынысын қолдап, өз әскеріне тиісті бұйрық бергенін мәлімдеді.
Кремльдің ресми мәлімдемесіне сәйкес:
- Путин қақтығысты бейбіт жолмен шешуге адалдығын растады.
- Ресей мен Украина 175-175 формуласы бойынша тұтқындар алмасуға келісті.
- Мәскеу мен Вашингтон соғысты шешу үшін сарапшылар топтарын құруға уағдаласты.
- Путин мен Трамп екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға мүдделі.
- Ресей ауыр жараланған 23 украин сарбазын Киевке қайтарады.
Сонымен қатар, Мәскеу соғыстың ушығуын тоқтатудың негізгі шарты ретінде шетелдік әскери көмекті толық доғаруды және Киевке барлау ақпаратын беруді тоқтатуды талап етті.
Путин Украина бітімге келген жағдайда мобилизацияны және қарулы күштерін қайта қаруландыруды тоқтатуы тиіс екенін де айтты.
Ресей Президенті Трамптың Қара теңіздегі кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бастамасына конструктивті түрде жауап бергенін хабарлады.