
- 17 апр. 2025 21:23
- 63
"Лайк баспаған" үшін қысым: Шымкенттегі Жастар ресурстық орталықта даулы жағдай орын алды
Шымкент қаласындағы “Жастар ресурстық орталығының” ішкі тәртібі қоғам назарын аудартуда. Қызметкерлердің айтуынша, мекеме басшылығы әлеуметтік желідегі белсенділікті қатаң бақылауға алып, орталықтың ресми парақшасына "лайк" баспаған қызметкерлерге ескерту жасап, қысым көрсетіп отыр.
Даудың салдары кейбір мамандардың денсаулығына әсер еткен. Белгілі болғандай, бүгін орталықтың бір қызметкері жүйке қысымына шыдай алмай, есінен танып қалған. Жедел жәрдем шақырылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Қызметкерлер жағдайға алаңдаулы. Олардың пікірінше, орталықтағы тәртіп ұжымның ішкі атмосферасын ушықтырып, жұмысқа деген ынтаны төмендетіп отыр. Бұл мәселеге қатысты жауапты органдар қандай да бір шара қолданатыны әзірге белгісіз.