- 25 янв. 2018 00:00
- 315
Литваның экс-министрі қазақстандық университеттің проректоры болды
Литваның бұрынғы Білім және ғылым министрі Дайнюс Павалкис Қазақ Ұлттық медицина университетінің бірінші проректоры болып тағайындалды, деп ҚР ДСМ баспасөз қызметі хабарлайды.
ҚазҰМУ-дың жаңа құрылымына сәйкес, Дайнюс Павалкис ғылыми-зерттеу, академиялық және клиникалық жұмыстар бойынша мәселелерге жауапты болады.
Дайнюс Павалкис 1960 жылы 5 мамырда Литваның Каунас қаласында дүниеге келген. Әр жылдары хируг, Балтық-Америкалық ауруханасының жалпы медицина кафедрасының директоры, Литва денсаулық ғылымы университетінде профессор болып жұмыс істеді.
2012 жылдан бастап 2015 жылға дейін Литва Республикасының Білім және ғылым министрі қызметін атқарды.
2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін Литваның Каунас клиникасының инновация және даму бөлімінің меңгерушісі. Литва денсаулық ғылымы университетінің хирургия факультетінің профессоры.
Еуропа Комиссиясының Консультативтік тобының мүшесі RISE HL, зерттеу, инновация және ғылыми саясат жөніндегі сарапшылар тобы. SPH мүшесі, Еуропалық Комиссияның денсаулық сақтау бойынша ғылыми тобы. Каунас қаласының мэрінің кеңесшісі.