Photo: Alican Helik (https://www.pexels.com/@alican-helik-362148343) / Pexels
- 08 апр. 2026 06:31
- 26
«Маған өте ауыр»: Құралай Анарбекова салмақ қосуына қатысты сырды ақты
Актриса Құралай Анарбекова өзінің сырт келбетіне қатысты айтылатын сынды оқудың өзіне ауыр тиетінін айтып, жақында ғана ана атанғаннан кейінгі салмақ қосуы туралы ағынан жарылды.
Бұл туралы ол өзінің жеке парақшасында жазды. Актриса 10 келі салмақ қосқанын мойындап, бұл жағдайдың өзіне де ұнамайтынын жеткізді. «Киімдерім сыймайды, бұрынғыдай жарқын киіне алмайтын болдым», - деп ағынан жарылды ол.
Құралай Анарбекова салмақ қосуының себебін ана болумен байланыстырды. «Мен өзім толықтағым келеді деп салмақ қосқан жоқпын. Өздеріңіз білетіндей, бір жыл бұрын тұрмысқа шығып, ана атандым. Оның бәрі бекер болмайды. Салмақ қосып аласың», - деді актриса.
Сонымен қатар, Құралай Анарбекова арықтау үшін арнайы челлендж бастағанын хабарлады. Желі қолданушылары актрисаның бұл әрекетін қолдап, оған қолдау көрсетті.