Последнее обновление

(Время обновление 7 минут назад)
Майғазиевтер әулеті сәби иісін аңсайды: Әділет пен Адия ата-ана атануға дайын

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің отбасында үлкен қуаныш. Әншінің ұлы Әділет пен келіні Адия сәби күтіп жүр. Бұл жағымды жаңалықты әншінің жанкүйері Анна Данченко әлеуметтік желіде жариялады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Құдай қаласа Әділет пен Адия ата-ана, Сәкен мырза мен Динара ханым ата-әже атанатын күн алыс емес. Өте жарасымды жұп. Көз тимесін!» - деп жазды Данченко.

Әділет Майғазиев: «Гендер-патиді ұнатпасам да, жұбайымның қалауы болды»

Әділет Майғазиевтің өзі де бұл жаңалықты растап, сәби күткендерін айтты. Ол гендер-патиді ұнатпайтынын, бірақ жұбайы Адияның тілегін орындау үшін осындай шара ұйымдастырғанын жеткізді. Әуелде бұл жаңалықты жарияламауды жоспарлағанын, алайда қазір бұл жағдайға мән бермейтінін айтты.

«Мен гендер-пати дегендерді ұнатпаймын. Бірақ жұбайымның қалауы, гештальті болды. Сондықтан түсірдік. Негізі жарияламайды деп ойлағанмын. Жариялап қойыпты. Бірақ ештеңе етпес. Онда тұрған ештеңе жоқ», - деді Әділет.

Новости

Реклама