Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Маңғыстауда үш ауысымды мектептер мәселесіне баса назар аударылуда

Облыстағы үш ауысымды мектептерді жою мақсатында Маңғыстау облысындағы инвестициялық жобалар тізіміне республикалық бюджет пен 2017-2019 жылдардағы Ұлттық қордың есебінен 5400 орындық 8 мектептің құрылысы қосылды. Олардың құрылысына арналған қаржы бөлінуде.

Ұлттық қордан 3 мың орындық 4 мектепті салуға қаржы қарастырылды. Қаражат Жаңаөзен қаласындағы 900 орындық 2 орта мектеп пен Мұнайлы ауданының түрлі ауылдарындағы: Басқұдық пен Қызылтөбе ауылындағы 600 орындық 2 орта мектептің құрылысына арналған. Аталған елді мектептердің әрқайсысында тек бір мектептен орналасқан, ал білім алып жатқан оқушылар саны жобалық қуаттылықтан асып түскен.

«Басқұдық ауылдық округінде жобалық қуаттылығы 960 орындық бір мектеп бар, алайда ол мектепте 2 мың 667 бала білім алуда (мектепке дейінгі балалар саны - 4127). Сонымен қатар Басқұдық ауылының 1 мың 460 оқушысы аудандағы орта мектептерде оқып жатыр, тасымалдау ұйымдастырылған. Қызылтөбеде  жобалық қуаттылығы 960 орындық бір мектеп бар, алайда ол мектепте де 3 мың 12 бала білім нәрімен сусындауда (мектепке дейінгі дайындық топтары бар). Жаңаөзенге тоқталып өтетін болсақ, бір орта мектептің іргесі Рахат мөлтекауданында  қаланады. Аталмыш тұрғын алабында жобалық қуаттылығы 960 орындық бір мектеп бар, алайда ол білім ошағында 3 мың 103 бала тәлім алса, үшінші ауысымда 294 бала оқып жатыр. Қазір мектебі жоқ Жаңаөзен қаласындағы Рахат шағынауданында   900 орындық орта мектеп салынады. Әзірге бұл шағынауданның балалары Рахат ауылындағы №18 орта мектепте білім алуда», - деп атап өтті Маңғыстау облыстық білім басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлбану Қызылғұлова.

Оның айтуынша, республикалық бюджеттен мүлдем мектебі жоқ елді мекендердегі 2400 балаға арналған 4 мектептің құрылысы үшін ақша бөлінген. Яғни Маңғыстау ауданы Шетпе ауылының Ащыбұлақ-2 мөлтекауданында 600 орындық жалпы білім беретін мектеп, Қарақия ауданы Аппақ ауылы Ералиев теміржол стансасында 300 орындық орта мектеп, Жаңаөзен қаласы Арай мөлтекауданында 900 орындық мектеп және Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов ауылында 600 орындық мектеп салынады. 


You Might Also Like

Новости

Реклама