
- 10 июл. 2025 09:42
- 44
Маңғыстауда ер адам той үстінде сыныптасымен жанжалдасып,оны өлтіріп алды
Маңғыстау облысында адам шошырлық жағдай болды. 10 мамыр күні Мұнайлы ауданында тойдан кейінгі басқосу кісі өлімімен аяқталды. Сыныптасының қызын ұзатқан Жандос Өтемұратов тойдан кейін достарымен бірге күдіктінің үйіне барған. Бірақ отырыс кезінде бұрынғы жанжал қайта тұтанып, Жандос пен үй иесінің арасында төбелес басталады.
Ұрыс аулаға шығып, Жандос есінен танып құлайды. Бірақ оны көргендер көмек шақырудың орнына, бетін жуып, ауладағы құдықтың үстіне жатқызып, отырысты әрі қарай жалғастыра береді. Бірнеше сағаттан кейін ғана үй иесі Жандостың жансыз жатқанын байқайды, алайда жедел жәрдем мен полиция шақырудың орнына, марқұмның денесін әйелі мен балаларының көмегімен көлікке салып, туысының үйіне апарған.
Тек сол жерде шақырылған дәрігерлер Жандос Өтемұратовтың қаза тапқанын тіркейді. Бір айға созылған тергеуден соң үй иесіне Қылмыстық кодекстің 106-бабы – «Ауыр дене жарақатын салу, өлімге әкелу» бойынша айып тағылды. Іс қазір прокуратурада.
Бұл жағдай қоғамда резонанс тудырып отыр – жедел көмек көрсетілсе, адам аман қалар ма еді деген сұрақ көп.