Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 06 мая 2026 00:30
- 25
Маңғыстауда жаңа басшы тағайындалды
Маңғыстау облысында мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы ауысты. Бұл қызметке Жанабай Аймағанбетов тағайындалды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тиісті бұйрығымен Жанабай Аймағанбетов Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысы лауазымына тағайындалды.
Жаңа басшы 2026 жылдың 4 мамырынан бастап өз қызметіне кірісті.
Бұған дейін департамент басшысының міндетін атқарған Бауыржан Кемалов еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінің ерекшеліктері туралы айтып берген болатын.