Последнее обновление

(Время обновление 4 дня назад)
Мақпал Жүнісованың қызы анасына жүрек тебірентерлік тілек арнады

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова туған күнін отбасы мен жақындарының ортасында атап өтті. Мерекелік кеште қызы Мерей Заманбекқызы анасына гүл шоғын ұсынып, жүрек тебірентерлік тілегін арнады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мерейдің анасына арнаған тілегі

Мерей анасына деген шексіз сүйіспеншілігін білдіріп, болашақта тұрмысқа шығып, бала сүйгенін көргісі келетінін айтты. "Жаным, мамам, әрдайым жанымда бол. Ертең, Алла қаласа, мен де тұрмысқа шығып, бала сүйсем, соның бәріне куә болып жүр. Немереңді бауырыңа басып, қасымда әдемі әже болып жүрсең – мен үшін ең үлкен бақыт сол. Сені қатты жақсы көремін. Маған сендей ана берген Аллаға мың алғыс", – деді Мерей.

Бұл әсерлі сәт желі қолданушыларының да назарын аударды. Көпшілік Мерейдің анасына деген құрметі мен тәрбиесіне тәнті болып, жылы лебіздерін білдірді.

"Тілегі қабыл болсын", "Алла армандарыңды орындасын", "Ана мен қыздың арасындағы байланыс ерекше", – деп жазды оқырмандар.

Новости

Реклама