- 05 мар. 2024 04:42
- 461
Маужыраған қоңыр күз
Тақырыбы: «Маужыраған қоңыр күз»
Мақсаты: 1) Күз мезгілінің адам өміріндегі алатын орын белгілей отырып, табиғат құбылыстарының өзгерістері, адамдардың еңбегі туралы білімдерін толықтыру;
2) оқушылардың ізденімпаздығын, эстетикалық талғамын, мәнерлеп сөйлеу дағдыларын дамыту;
3) балаларды әсемдікке, шығармашылыққа, ұжымшылдыққа, жаңаны ашуға тәрбиелеу.
Әдістері: әңгімелесу, ойын, топтық жұмыс, жарыс, тапсырма.
Көрнекілігі: плакаттар, суреттер, жұмбақтар, ойындарға қажет құралдар, үнтаспа, теледидар.
Барысы:
Мұғалім: Армысыздар, құрметті көрермендер! Бүгінгі біздің «Маужыраған қоңыр күз» атты мерекемізді салтанатты түрде ашық деп жариялаймыз.
Мәуе пісіп балбырап,
Маужыраған қоңыр күз.
Алма пісіп албырап,
Көзді тартқан көріңіз, - дегендей, күз мезгілі өте әсем де тамаша мезгіл. Ендеше бүгінгі біздің қоңыр күзге арналған ертегімізді қабыл алыңыздар.
Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі жүні бөртеде
Қырғауыл жүні қырғи екен,
Құйрық жүні ұзын екен.
Жыл мезгілдер патшалығында
Күз ханшайымы болған екен.
Ханшайым: Уәзірлер қайдасыңдар? Тез келулеріңді бұйырамын!
Меңдібек уәзір: О. Ұлы ханшайым, айтқан бұйрығыңды орындауға дайынбыз.
Ханшайым: мен естіп жатырмын мынадай сыбысты: басқа патшалықтарда күз мезгілін көңілсіз, мұңды етіп санайды екен.
Уәзір М: кім айтты бұндайды?
Уәзір Е: жалған, олай емес!
Уәзір А: күз – ең тамаша мезгіл деп санаймын.
Ханшайым: Ендеше үлкен той жасап, күз мезгілінің қандай тамаша екенін көрсетейік баршаға. Ал кәнекей, уәзірлер, шақырыңдар баларымды.
Екі уәзір даңғыра ойнап тұрады.
Ермек уәзір: Хабарландыру! Жыл мезгілдері патшалығында өмір сүретін барша жұртты ханшайым сарайына «Күзгі балға» шақырамыз!
Қыркүйек: Армысың, анашым! мінекей сіздің хабарландыруыңызды естіп, өз ауылымның тұрғындарын ертіп келді. Қарсы алыңыздар!
Қазан: Сәлеметсіз бе, анашым! патша сарайында «Күзгі бал» мерекесі болатынын естіп, мен де өз ауылымның тұрғындарымен келдім.
Қараша: Сәлеметсіңбе, анашым және сүйікті бауырларым. Мінекей сендер өз тұрғындарыңмен келіпсіңдер. Ендеше менің де ауылымның тұрғындарын қарсы алыңдар!
Ханшайым: Бүгінгі біздің осы сарайда жиналуымыздың себебі – алтын күзді көңілді, мәз - мейрам, шаттық күлкімен тойлау. Ендеше бүгінгі мейрамымызды бастайық. Уәзірлер, сендерге осы мерекені ұйымдастыруды тапсырамын.
Асхат уәзір: Патшалығымыздың түкпір - түкпірінен әр түрлі ауылдардың өкілдері жиналып отыр. Олай болса, қай ауыл тұрғындары ең тапқыр, ең белсенді, ең көңілді және ең күшті екенін сайыстар арқылы көрейік. Дайынсыңдар ма? Ендеше сайысымызды бастайымыз!
Уәзір М: Бірінші сайысымыз – «Таныстыру». Осы сайыста әр ауыл өзін таныстырады. Барлық тұрғындар қатысады.
Уәзір Е: Екінші сайысымыз – «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ». Бұл сайыста мақал - мәтелдер айтылып, жұмбақтар жасырылады.
Ең алдымен мақал - мәтелдердің жалғасын табу қажет. Бұған әр ауылдан үш адамнан қатысады.
● Мақал - мәтелдер
1. Ексең егін,............
(ішерсің тегін)
2. Еңбек түбі – береке,.......
(Көптің түбі – мереке)
3. Арпа, бидай, ас екен,........
(Алтын, күміс тас екен)
4. Жердің сәні – егін,.......
(Ердің сәні – білім)
5. Егіндікті күз суар,...........
(Күз суарсаң, жүз суар)
6. Екі қошқардың басы...........
(Бір қазанға сыймас)
7. Егіннің жайын еккен білер,.....
(Арбаның жайын жеккен білер)
8. Еңбек етпесең, елге өкпелеме,...........
(егін екпесең, жерге өкпелеме)
Қостанай облысы, Қарабалық ауданы,
Өрнек негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Ержанова Бахыткүл Төлемісқызы
Толық нұсқасын жүктеу