Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Махамбеттің Хиуадағы сапары
Махамбеттің Хиуадағы сапары
Махамбет Өтемісұлы - дауылпаз ақын. Біз оның өлеңдерімен 1 сыныптан бері таныспыз, жаттап өстік. Қазір 4 курс студентімін.
Махамбет ақындықпен қоса көтерілісші болғанында білеміз. 1836 - 1838 жылдарғы халық - азаттық көтеріліс, жалпы шаруашылық көтерілісі. Көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Махамбет көтерілістен жеңіліспен оралғаннан киін қол жинауға Айдарханға келеді.
Айдархандағы базарда Махамбет балық сатушыға 4 казак орысының жабылып соққыға жығуға тырысып жатқанын көреді. Алайда, қазақ сатушы оларды жайратып салғанына куә болады, бұл Махамбетті тәнті етеді. Осыдан киін Махамбет оған жақын барып, танысып, жөн біліседі. Есімі Баба, Маңғыстаудан келген, Дольче деген жерден балық аулап, сатып күн көреді екен. Осыдан соң Махамбет Бабаны өзі жай тұрағына әкеліп, сонда орнықтырады. 3 күннен балығы таусылып, Баба Махамбетпен қоштасады. Маңғыстауға жол тартса, қонақ қылып, сый көрсететінін айта кетеді. Махамбет Хиуаға бару мақсатымен Маңғыстау жеріне келеді, ол Сүйінқараның ауылына келіп жағдайды баяндайды. Қасыма жолдас болатын серік керек деп Бабы меңзейді. Сүйінқара Бабаны таниды екен, Бабаны шақыртып астарына ат беріп Сүйінқара оларды жолға аттандырады. Хиуаға Маңғыстаудың үстімен кетеді. Хиуада болған әңгіме тек Махамбетке ғана аян, ол туралы бізге жеткен ақпарат жоқ. Махамбет Хиуадан қол жинай алмай қайтады. Қайтар жол қыс мезгіліне түседі, жолда келе жатып Махамбет пен Баба қарға түскен қасқыр іздерін көреді. Сол іздермен жүріп отырып апанға тап болады. Мынаның ішінде қасқыр бар, терісі бізге керек болады деп Баба шешіне бастайды. Махамбет бұны әзіл деп ойлайды, бірақ шынымен Баба шешініп қанжарын алып апанға кіріп кетеді. Шәй қайнар уақыттан соң үсті малмандай су болып, Баба қасқырдың терісін алып апаннан шығады. Теріні Махамбетке қарай лақтырады да бірден өзі киініп алады. Бұл дегеніміз қазақ халқының аң аулаудағы салты, бірінші қоржынға түскен аңды жолдасына тарту ету. Махамбет ауылына келгеннен кейін Үбі Үсейұлына “ мен қасқырдың терісін апанына кіріп алған адайды көрдім” деп айтқан екен. Үбі Үсейұлы Мұрат Мөңкейұлына осы аңызды жеткізген, содан Мұрат Мөңкейұлынан ел аузына тараған екен.
Жазған: Амырбек Динара

You Might Also Like

Новости

Реклама