Последнее обновление

(Время обновление 6 месяцев назад)
Мектеп асханаларындағы қауіпсіздік: Денсаулық сақтау министрлігі бақылау тәсілдерін өзгертеді

Маңғыстау облысында оқушылардың жаппай улану фактісі білім беру ұйымдарындағы тамақтану сапасын бақылаудың әлсіз тұстарын айқындап берді. Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мектеп асханаларын мемлекеттік бақылау тәсілдерін қайта қарауға кірісті.

Жаңа тәсілдер аясында балалар мекемелеріне ерекше мәртебе беріледі, бақылау жүргізер алдында ескерту талаптары алынып тасталады және санитариялық талаптардың орындалуын тексеру үшін мониторингтік сапарлар енгізіледі.

Бүгінде қолданыстағы Кәсіпкерлік кодекс нормалары мемлекеттік бақылауды толық қамтуға мүмкіндік бермей отыр. Осыны ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі мен Бас прокуратураның бірлескен шешімімен Маңғыстау облысындағы білім беру ұйымдарында жоспардан тыс тексерулер басталды.

Тексеру жұмыстары шеңберінде өңірдегі 72 білім беру нысаны анықталып, қазіргі уақытта 14 мектеп асханасына мониторинг жүргізілді.

Оқиғаның себептерін анықтау және мектеп тамақтану қауіпсіздігін күшейту мақсатында арнайы ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Оған Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстары мен Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық мамандары, сондай-ақ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сарапшылары тартылды.

You Might Also Like

Новости

Реклама