
- 27 апр. 2025 06:31
- 31
Тоқаев Иран халқына көңіл айтты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иранда орын алған қайғылы оқиғаға байланысты ресми жеделхат жолдады. Бендер-Аббас қаласындағы «Шахид Раджаи» теңіз портында болған жарылыстан көптеген адамның қаза тапқанын және жарақат алғанын естіген Мемлекет басшысы Иран Президенті Масуд Пезешкиан мен барша ирандықтарға шын жүректен көңіл айтты.
Тоқаев жарақат алғандардың тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдіріп, апат салдарын еңсеру жолында Иран халқына қолдау білдіретінін жеткізді.