Последнее обновление

(Время обновление 9 минут назад)
Мектепте жаңа үш пән енгізіледі: Білім министрінің шұғыл мәлімдемесі

Қазақстан мектептерінде оқу бағдарламасына жаңа пәндер енгізіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. Министрлік білім сапасын арттыру мақсатында бірқатар жаңалықтарды енгізуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңа пәндер оқушылардың білімін тереңдетеді

Жақында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өңірдегі "Келешек мектебі" жобасымен танысып, мұғалімдермен кездесу өткізді. Кездесуде білім сапасын арттыру мәселесі талқыланып, оқу бағдарламасына жаңа пәндер енгізу туралы шешім қабылданды.

Жоспар бойынша, 5-7 сынып оқушыларына "Конституция негіздері" пәні оқытылады. Ал 8-9 сыныптарға "Заң және тәртіп" пәні қосылады. Жоғары сыныптарда, яғни 10-11 сыныптарда "Құқық негіздері" пәні міндетті болады.

Оқыту әдістері мен бағалау жүйесі жаңарады

Бұдан бөлек, оқушылардың сауаттылығын арттыру мақсатында мазмұндама, шығарма және диктант жазу сияқты дәстүрлі жазу жұмыстары қайта жандандырылады. Бұл шаралар оқушылардың жазба тілін дамытуға бағытталған.

Министр "Келешек мектебі" жобасының маңыздылығын атап өтіп, мектептерде тазалық пен тәртіптің сақталуына ерекше назар аударылуы керектігін айтты. Оның пікірінше, мектеп – болашақ ұрпақты тәрбиелейтін орта.

Білім сапасының өсуі

Жұлдыз Сүлейменова өңірдегі білім сапасының соңғы төрт жылда 55,5 пайызға артқанын мәлімдеді. 2025-2026 оқу жылында 300-ден астам оқушы республикалық, ал 27 оқушы халықаралық олимпиадаларда жеңіс тұғырынан көрінген.

Новости

Реклама