instagram.com/pavlov_pablo_/
- 27 апр. 2026 19:00
- 38
«Мен – қазақпын»: Жеңіске жеткен боксшы қарсыласына ұлттық ерекшелігін ескертті
Қазақстандық боксшы Евгений Павлов АҚШ-тан келген қарсыласы Антонио Дантон Эл-младшиймен болған диалогын жариялады. Онда ол өзінің ұлтын қателескен америкалыққа дұрыстап айтты.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Евгений Павлов пен Антонио Элдің жекпе-жегі Балтиморда (АҚШ) өтті. Алты раундқа созылған кездесуде қазақстандық боксшы ұпай санымен басымдылық танытып, жеңіске жетті. Алайда, жекпе-жектен кейін жеңілген америкалық әлеуметтік желіде әзілдеп жазған пост жариялап, оған Павловтың жауабы қысқа әрі нұсқа болды.
Қарсыласының қателігін түзетті
Антонио Эл жеңілістен кейін өзінің Instagram парақшасында: «Мен шынымен бір орыспен жұдырықтастым, бірақ өлген жоқпын», - деп жазды. Бұған Евгений Павлов: «Мен орыс емеспін. Мен – қазақпын, бауырым», - деп жауап берді. Америкалық боксшы дереу қателігін мойындап: «О, кешіріңіз, достым», - деп жауап қайтарды.
Айта кетейік, 26 жастағы қазақстандық боксшы 2020 жылы кәсіпқой бокстағы мансабын бастаған. Осы уақытқа дейін ол қатарынан 11 рет жеңіске жеткен, оның сегізі мерзімінен бұрын нокаутпен аяқталған.
Қызығы, Эл-младшиймен кездесуге дейін Павлов үш жылдан астам уақыт бойы рингке шықпаған.