- 27 мая 2024 15:48
- 670
«Менің Алтайым»: «Жетінші арна» Қытайдағы қазақтар жайлы жаңа телехикая көрсетеді
«Менің Алтайым»: «Жетінші арна» Қытайдағы қазақтар жайлы жаңа телехикая көрсетеді.
Қытай қазақтарының тұрмыс-тіршілігі жайлы «Менің Алтайым» дорамасы қазақстандық көрерменге ұсынылады. Жаңа телехикаяны «Жетінші арна»көрсетеді. Телехикая 8 бөлімнен тұрады. Басты рөлді Қытайдың танымал актері Юй Ши сомдаған. Ол бұл телехикаяға түсу үшін арнайы қазақ тілі сабақтарына қатысып, сериалда Батай есімді қазақ жігітігінің рөлін сомдаған. Бұдан бөлек телехикаяға Шыңжаңда тұратын қандастар да түскен. «Менің Алтайым» телехикаясыАлтайда шағын дүкен ашқан Хань қызы Ли Вэньсю мен оның жанұясының жергілікті қазақтармен байланысы туралы. Онда Алтай аймағында тұратын қандастарымыздың бай және қайталанбас мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі көрініс тапқан. iQIYI онлайн платформасы түсірген «Менің Алтайым» сериалының әлемдік тұсаукесері Канн телефестивалі аясында өтіп, сарапшылардыңі жоғары бағасын алды. «Сериал жақын күндері «Жетінші арна» эфирінен ұсынылады. Бұл туралы бүгін телеарна басшылығы және Қытай мемлекеттік телевидение, радио әкімшілігі мен iQIYIкомпаниясы өкілдерімен болған кездесуде келісім жасалды», - деп хабарлайды «Жетінші арнаның»баспасөз қызметі.
-
Әдістемелік ұсыныстар 2-сынып білім алушыларына «Дүниетану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бұл ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4 сыныптары) «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасы және оқу жоспарының негізінде дайындалған.