- 05 мар. 2024 04:43
- 629
Менің Отаным – Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан
Әрбір адамға өзінің отбасы ыстық болса, Отаны да адам баласына сондай ыстық. Отан үшін отқа түс күймейсің – деген мақал бар. Расында да егер Отан үшін жаныңды қисаң, ол үлкен абырой. Өзі өлсе де, аты ешқашан өлмейді. Тарихта мәңгі қалады. Отан деген - сенің туып өскен, кіндік қаның тамған жер. Отанға деген сүйіспеншілік анаға деген махаббатпен тең.
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қазақстандай елім болғанына мақтанамын. Қазақстанда 150 - ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігімен, ынтымағымен жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады.
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Сондықтанда оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Ол 1993 жылы 15 қарашада «теңге» болып қабылданды.
Біздің еліміз біртіндеп дамыған мемлекеттер қатарына кіріп жатыр. Соңғы он жылдың ішінде адам танымастай болып өзгерді. Мұнай, газ, химиялық өнеркәсібіне өте бай ел. Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Әрине осы жетістіктеріміздің бәрі елбасымыздың арқасында.
Қазақстан – ұлы Отан
Қазақстан – менің елім аңсаған
Кең байтақ жеріңменен тамсанам
Асқар тау белдеріңмен мақтанам
Күлімдеп мен де бір шаттанамын
Отаным – Қазақстан, туған елім,
Ойнап - күліп ержеткен туған жерім
Өсе бер, өркендей бер, елім менің
Ардақтап мәңгі сені өтермін.
№103 жалпы орта мектебінің
Оқушысы Дулат Жанат
Сынып жетекшісі: Аширбаева Альбина