Photo: Валерій Волинський (https://www.pexels.com/@2158518894) / Pexels
- 25 апр. 2026 06:30
- 23
Меруерт Түсіпбаева: «Семіздік – еріншектіктен туған дерт»
Әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желідегі даулы пікірден кейін артық салмақ тақырыбына қайта оралып, оқырмандарына жаңа жазба арнады.
Бұған дейін әнші атыраулық блогердің артық салмағына қатысты пікір білдіріп, желіде қызу талқыға түскен болатын. Осы сыннан кейін өнер иесі өз парақшасында семіздік мәселесіне қатысты ұстанымын тағы да ашық жазды.
«Бір сөзді жалау қылып, хайп жасауды доғарсаңдар – жауап беремін. Семіздік – қолдан жасалған дерт, еріншектік», – деп жазды әнші.
Меруерт Түсіпбаева артық салмақ мәселесін денсаулықпен байланыстырып, қант диабеті мен бауыр ауруларын да меңзеді. Сонымен қатар өзін мысалға келтіріп, жасына қарамастан форма ұстап жүргенін айтты.
«Маған 55-ке жуықтайды! Диванда жатып нан жегім келеді, бірақ танымал адам үнемі оқырмандарына мотивация беріп жүруі керек!» – деді ол.
Әншінің бұл жазбасы желіде қызу пікірталас тудырып, оқырмандар арасында түрлі көзқарасқа себеп болды. Бірі өнер иесінің тәртіп пен мотивация туралы ойын қолдаса, енді бірі семіздік мәселесін тек еріншектікпен байланыстырумен келіспейтінін жазды.