Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Мұғалімдердің жауапкершілігі нақтыланды: Мәжіліс заң жобасын мақұлдады

Қазақстанда педагогтердің оқушы қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілігі нақтыланды. Жаңа ереже бойынша, мұғалімдер балалардың қауіпсіздігіне тек мектеп аумағында, сабақ өтіп жатқан уақытта және өздерінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде ғана жауапты болады.

Бұл өзгерістерді көздейтін «Педагог мәртебесі туралы» заңға енгізілетін түзетулерді Мәжіліс мақұлдады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, бұл заң жобасы ұстаздарды өздеріне тән емес жұмыстардан босату мақсатында әзірленген. Құжат енді Сенаттың қарауына жіберіледі.

«Президенттің тамыз кеңесінде айтқан тапсырмасына сәйкес, мұғалімдердің жауапкершілігі тек оқу-тәрбие процесімен шектелуі тиіс. Біз әзірлеген заң жобасы Сенатқа жолданды», - деп жазды Асхат Аймағамбетов өзінің әлеуметтік желісінде.

Новости

Реклама