
- 21 июн. 2025 10:13
- 19
Мұғалімді балағаттан НЗМ-нің оқушысы шетелге оқуға шақырту алды
Оқу үлгерімінен емес, тәртібімен есте қалған Назарбаев Зияткерлік мектебінің бұрынғы 11-сынып оқушысы Сұңқар Майқан орта білім туралы аттестатқа қол жеткізді.
Еске сала кетсек, Сұңқар мұғалімге тіл тигізгені үшін Зияткерлік мектептен шығарылған болатын. Қоғамда қызу талқы тудырған бұл оқиғадан кейін, ол білімін қайта жалғастыру мүмкіндігін іздеген.
Қоғам белсендісі Аида Бұқаеваның айтуынша, олар Сұңқарды Алматыдағы бірнеше мектепке екі күн бойы алып барған. Кей мектептер оны 1 қыркүйектен бастап 11-сыныпқа қабылдауға дайын болған. Алайда №8 мектеп-гимназиясы Сұңқарға қорытынды емтихан тапсырып, орта білім аттестатын "қанағаттанарлық" бағамен алуға мүмкіндік берген.
Қазір Сұңқар Майқан ҰБТ-ға қызу дайындалып жатыр. Жас түлектің болашағы қандай болатыны – өзі мен уақыттың еншісінде.