Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Мұнай бағасы тағы да шарықтап, баррелі 85 доллардан асты

Әлемдік мұнай бағасы АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясынан кейін күрт өсті. Brent маркалы мұнайдың бағасы 2024 жылдың шілдесінен бері алғаш рет барреліне 85 доллардан асты.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстерінің құны 4,45 пайызға өсіп, 85 доллардан асты. Бұл туралы Астана уақытымен 10:57-дегі сауда мәліметтері көрсетті.

WTI маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерстерінің құны 7,66 пайызға өсіп, 80,38 долларға жетті.

Қазақстандағы мұнай бағасының өсуі: бюджетке пайда, бірақ экономикаға тәуекел

Бұған дейін мұнай-газ саласының сарапшысы Асқар Исмаилов мұнай бағасының өсуі Қазақстан бюджетіне қосымша табыс әкеліп, Ұлттық қорды нығайтып, сауда балансын жақсартып, теңге бағамын қолдайтынын атап өткен болатын.

Алайда, мұнай нарығындағы жоғары құбылмалылық экономика үшін тәуекелдер тудырады. Бағаның ауытқуы инфляцияға, инвестицияларға және қаржы нарықтарына әсер етуі мүмкін. Экономиканың мұнай табысына тәуелділігі Қазақстанды сыртқы соққылар мен әлемдік бағаның күрт өзгеруіне сезімтал етеді.

2026–2028 жылдарға арналған бюджетте мұнай бағасы 60 доллар, ал теңге бағамы 540 теңге болып есептелген. Бұл экспорттан түсетін кірістерді, әлеуметтік төлемдерді және бюджеттік бағдарламаларға арналған шығындарды есептеу үшін қолданылады.

Новости

Реклама