
Ютуб желісінен скрин
- 22 июл. 2025 15:34
- 23
Назарбаевтың қарындасы қатысы бар компанияның ісі бойынша сот үкімі шықты
"Group of the Companies TDA" ЖШС мен оған байланысы бар тұлғаларға қатысты сот шешімі шықты. Компания Қытайдан 100-ден астам контейнерді контрабандалық жолмен алып кіріп, жалған шот-фактуралар арқылы 10 млрд теңге көлемінде мемлекетке залал келтірген.
Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, тергеу кезінде 643 млн теңге бюджетке қайтарылды. Сот шешімімен 1,3 млрд теңгенің тауарына және 300 млн теңге тұратын мүлікке тыйым салынды. Іспен байланысы бар 47 серіктес компания 240 млн теңге салық төлеп, есеп айырысуды тоқтатты.
Алмалы аудандық сотының үкімімен кінәлілер 1 жыл 4 айдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айырылды. Бір адамға халықаралық іздеу жарияланды.
Ашық дереккөздерде TDA құрылтайшыларының бірі — экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Әнипа Назарбаева екені көрсетілген.