Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Тоқаев дәрігерлерге күш қолданғандарды қатаң жазалауды тапсырды

Тоқаев дәрігерлерге күш қолданғандарды қатаң жазалауды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлеріне күш көрсету фактілеріне байланысты жазаны қатаңдатуды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Президент Парламент депутаттары, медицина саласының өкілдері мен белсенді азаматтардың дәрігерлерге күш көрсету және қатыгездік танытқандарға қатысты жазаны күшейту жөніндегі ұсыныстарын қолдайды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тапсырды. Бұл өзгерістер азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен Парламентте талқыланатын болады», – деді Руслан Желдібай.

Мұндай шешімге себеп болған жайт – Қарағанды қаласындағы жекеменшік клиникада науқастың дәрігерге қол жұмсағаны. Оқиға медициналық мекемеде болған және бейнежазбасы әлеуметтік желіде кең тарап, қоғамның наразылығын туғызған еді.

Қоғамда резонанс тудырған бұл оқиға медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін күшейту қажеттігін тағы бір мәрте көрсетіп отыр.

You Might Also Like

Новости

Реклама