Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Неліктен Сиам королі сіріңке қорабы үшін ажал құша жаздаған

1868-1910 жылдар аралығында Сиамды басқарған король Чулалонгкорн мемлекет тарихындағы ең ұлы билеушілердің бірі болған. Ол өз корольдігін Англия мен Франция отаршылығынан аман сақтап қалғандықтан, халқы Ұлы Сүйікті Король атап кеткен-ді. Алайда ел қамы үшін жанын аямаған батыл корольдің өмірі кәдімгі сіріңке қорабы үшін үзіле жаздаған.

Чулалонгкорнның бар ынтасымен берілген құмарлығы – сіріңке қорабының заттаңбасын жинау. Мыңдаған сіріңке қорабы корольге дүниенің бар байлығынан да қымбат еді. Тіпті, ол үшін алыс елдерден алдырған сіріңке қорабынан асқан қуаныш болмаған.

Саяхаттарының бірінде сиамдық король Лондонға барған. Бондстритте Сарай адамдарымен бірге жүрген Чулалонгкорн көпір маңындағы жерде жатқан сіріңке қорабын көріп қалған. Дәл мұндай заттаңбалы қорап корольдің коллекциясында болмаған еді. Құдды баға жетпес асылын көргендей ол қорапқа жолбарысша атылады. Оны Англия астанасының көшелеріндегі көліктер легі де тоқтата алмаған еді.

Дәл осы сәтте көпір маңынан өтіп бара жатқан көлік билеушіні қағып кете жаздайды. Король мен көлік арасындағы небары бірнеше сантиметр корольдік билеушісінің өмірін құтқарып қалған-ды. Есі шыққан сарай адамдары шулай жөнеліп, корольге қарай жүгіреді. Ал Чулалонгкорн қауіпті сезбеген, тіпті, секем алмаған да. Қолында қысқан қорабы бар. Жүзіне күлкі үйіріле сарай адамдарына қараған король шаттықтан бал-бұл жайнап тұрған еді.

Айтпақшы, сіріңкеге қатысты заттарды жинау филумения деп аталады. Ол Кеңес Одағында да үлкен танымалдыққа ие болған. Бұл сөздің грек тілінен аудармасы «отты сүю» деген мағынаға саяды. Алайда бір кездері КСРО-да коллекцияның бұл түріне қатысты қызықты жағдай орын алған еді.

60 жылдардың соңына дейін «филуменя» сөзі «филлумения» түрінде жазылып келген. Сонымен қатар мемлекетте коллекция жиюшыларға күдікпен қарап, тіпті, жинауға рұқсат етілетін заттар тізімі де жасалған. Сіріңке қорабы мен заттаңбасын жинауға рұқсат етілген. Алайда мұндай коллекция атауы құжаттарда «филумения» ретінде жазылған. Құжатқа партия идеологы М.А.Суслов қол қойғандықтан, жіберілген ағаттықты түзеуге ешкімнің батылы жетпеген.

Тіпті, бұл жағдайға қатысты қиыннан қиыстырып сылтау да тапқан: «филократия» немесе «филателия» сөздерінде бір ғана «л» әрпі кездеседі, сондықтан «филумения» сөзінде түзейтіндей ештеңе жоқ.

Сіріңке заттаңбасын жинастыру жөнінде сөз қозғағаннан кейін, рекорд жасаған адам жөнінде айта кеткеніміз жөн. Ең көп коллекция жинаған - жапондық Йошизава. Оның коллекциясында әлемнің 130 елінен жиналған 743 512 сіріңке қорабы бар.


You Might Also Like

Новости

Реклама