Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 23 мар. 2026 11:00
- 20
"Нетаньяху өлді" деген жалған ақпарат: Израиль премьерінің жағдайы жақсы
Израиль премьер-министрінің кеңсесі әлеуметтік желіде тараған Биньямин Нетаньяхудың қаза тапқаны туралы жалған ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды. Бұл туралы Түркияның Anadolu агенттігіне берген түсініктемеде айтылып, мұндай мәліметтердің шындыққа жанаспайтыны және премьер-министрдің жағдайы жақсы екені хабарланды.
Бұл қауесеттер Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуы аясында, әсіресе АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққыларынан кейін әлеуметтік желілерде расталмаған ақпараттардың көбеюімен байланысты тарай бастаған. Кейбір жазбаларда премьер-министрдің қайтыс болғаны немесе жоғалып кеткені туралы болжамдар айтылды.
Бұл әңгімелер 13 наурыз күні Нетаньяхудың X желісіндегі видеоүндеуінен кейін күшейе түсті. Кейбір қолданушылар видеодағы бір кадрда оның қолында алты саусақ бар сияқты көрінгенін айтып, бейне жасанды интеллект арқылы жасалған болуы мүмкін деген пікір білдірді. Алайда сарапшылар мұндай көрініс техникалық ақау немесе бейненің сәтсіз түсірілген сәтіне байланысты болуы мүмкін екенін айтады.
Бұған дейін Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы Нетаньяхудың тағдыры белгісіз екенін мәлімдеп, оның қаза тапқан болуы немесе елден кетіп қалған болуы мүмкін деген болжам айтқан. Ал Израиль тарапы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.