- 18 янв. 2017 00:00
- 314
Нұрлан Ноғаев ретсіз гранттар бөлуді доғаруды тапсырды
Бүгін жастарды жұмыспен қамту мәселелеріне арналған жиналыс барысында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев білім гранттарын бөлу тәртібін жүйелендіруді және «Жасыл Ел» студенттер жасағының санын арттыруды тапсырды.
«2017 жылы «Жасыл Ел» еңбек ұжымының саны артады. Егер былтырғы жылы әр ауданда 50 адамнан болса, биыл олардың саны 60-тан 75-ке дейін артады. Одан бөлек, жұмысшылардың еңбек ақысы көбейетін болады. 2015-2016 жылдары жалақы 47 729 теңге болса, 2017 жылы 59 000 теңгені құрайды», - деп мәлімдеді Жастар саясаты мәселесі бойынша басқарма басшысы Жаслан Бисембаев.
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың жиналысына қатысушылардың бірі қойған «Жасыл Ел» қызметіндегі студенттер санын неге арттырмасқа деген сұраққа, Бисембаев бағдарламаға республикалық бюджеттен демеушілік танытылуда деп жауап берді.
«Бұл мәселені шешеміз, ұсынысты дайындаңыздар, жергілікті бюджет студенттерге арналған қосымша жұмыс орындарын құру үшін қаржы бөледі. Облыстағы мектептердің жоғары сыныптарында 26 мың бала, ЖОО-да 10 мың студент пен колледждерде 18 мың білім алушы бар. Біз олардың көп бөлігін қамтамасыз етуіміз керек, жаз айларында жұмыс тауып беруіміз қажет. Біз мемлекеттік бағдарлама бойынша көптеген нысандар салып жатырмыз, неліктен ақша тапқысы келетін студенттерді құрылысқа жұмылдырмасқа?», - деді әкім.
Нұрлан Ноғаев білім гранттарын бөлуге қатысты білім басқармасының басшылығына сын айтты.
«Неге қазақ тілінде бастауыш сыныптарға білім беретін мамандықты игеріп шыққан мамандар жұмыссыз отыр? Себебі, мемлекеттің білім грантын иеленіп, мамандықты игеріп шыққаннан соң олар шынайы өмірмен кездесті. Біздің облыс орыс тілінде бастауыш сыныптарға білім беретін мамандарға тапшы болып отырғанда, кейбір аудандарда қазақ тілінде бастауыш сыныптарға білім беретін мұғалімнің орнына 30 адамға дейін үміттенуде. Пән мұғалімдері жетіспейді. Білім гранттарын нақты бөліп, үгіт-насихат жұмыстарын өз өмірін педагогикаға арнағысы келген адамдардың арасында жүргізу қажет. Біздің қолымызда қажетті мамандықтарды зерттеуге арналған барлық мүмкіндік бар: білім гранттары, жас мамандарға арналған бағдарламалар, осы арқылы мұғалімдердің жетіспеушілік мәселесін біржола шешу қажет. Сараптама жасап, қажетті мамандықтарға грант бөлуге қол жеткізіңіздер», - деп тапсырды Н.Ноғаев.