Последнее обновление

(Время обновление 9 минут назад)
Нұрсұлтан Назарбаев саясаттан тыс қалды: Экс-президенттің баспасөз хатшысы мәлімдеме жасады

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай, Тұңғыш Президенттің қазіргі саяси жағдайларға араласпайтынын нақтылады. Бұл туралы ол "Азаттық" радиосының тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айдос Үкібайдың айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев өзі негізін қалаған «Аманат» партиясының мүшесі емес және партия айналасындағы соңғы өзгерістерге қатысы жоқ. «Нұрсұлтан Әбішұлының партияға қандай қатысы бар? Ол кісі президенттік өкілетін 2019 жылы тоқтатқан», - деп атап өтті баспасөз хатшысы.

Осылайша, зейнеттегі экс-президенттің саясатпен айналыспайтыны ресми түрде расталды. Назарбаев Қазақстанды шамамен 30 жыл басқарған. 2019 жылы президенттіктен кеткенімен, 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына дейін Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы және «Нұр Отан» (қазіргі «Аманат») партиясының басшысы қызметтерін атқарған болатын.

Соңғы кездері «Аманат» партиясы төңірегіндегі саяси өзгерістер қоғамда қызу талқыланып, Назарбаевтың бұл процеске қатысы бар-жоғы туралы сұрақтар туындаған еді.

Новости

Реклама