Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Обструктивті бронхиттің емі

Балалардағы өкпе сырқаттары ішінде бронх-өкпе жүйесінің обструктивті аурулары ерекше орын алады. Дәл осындай патологиясы бар пациенттерде аурушаңдық пен өлім-жітім көрсеткіштері жоғары.

Өкпе беткейі кең болғандықтан, ол ауадағы лас нәрсенің бәрін ешбір іріктеусіз жұта береді. Тыныс ағзалары арқылы ксенобиотиктердің, қоршаған орта поллютанттарының, жұқпаларлың енуі сенсибилизацияның, яғни сезімталдықтың дамуына алып келеді. Бұл бронхылардың гиперреактивтілігіне соқтырады. Қолка демікпесі бала денсаулығы мен өміріне үлкен қауіп төндіреді, өйткені бұл ауру асқынатын болса, бала кез келген жаста қазаға ұшырауы мүмкін.

Өкпенің обструктивті ауруларының даму қауіптерін үлкен екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа респираторлық жұқпалар, тұрмыстық аллергендер, қоршаған орта поллютанттары (күкірт және азот диоксидтері, озон, кара түтін, т.б.) секілді экзогенді факторлар, темекі шегу секілді жағымсыз әдеттер (белсенді, енжар) жатады. Екінші топқа адам организмінің реактивтілігіне тәуелді факторлар жатады, олар: генетикалық факторлар, қан тобы, адамның жасы, жынысы, преморбидті фоны, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалык мәртебесі. Балалар арасындағы обструктивті бронх сырқаттарының өсуі ерте нақтамалауды және алдын алу бағдарламаларын жетілдіру мақсатында өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының дамуына қауіп факторларының әсерін нақтылауды қажет етеді.

Ересектер темекі шегетін отбасылардағы балалар тыныс ағзалары ауруларына сезімтал, тоңазыған жағдайда, дене жүтемесі кезінде оларда бронх-обструктивті синдром жиі дамиды, демек обструкцияға байланысты медициналық көмекке жиі жүгінеді. Ал бұл балалардағы жіті жұқпалы аурулар ұзаққа созылып, бронх демікпесіне жиі шалдығады.

Обструктивті бронхиті (ОБ) бар балаларды тиімді қадағалаудың бірқатар ерешеліктері бар – клиникалық, психологиялық, медициналық-әлеуметтік ерекшеліктер. Бұл әрбір нақты жағдайда әдеттен тыс көзқарасты талап етеді.

Пациенттердің бұл санатын кешенді емдеуде дәрі-дәрмекпен емдеу үлкен маңызға ие. Бұндай ем кезінде көптеген қиыншылықтар мен қателіктер туындайды. Атап айтқанда, препаратты таңдау, оның мөлшері мен берілу тәртібі, тиімділігін бағалау, қосалқы әсерлерін дер кезінде анықтау және емдеу т.б.

Балалардағы обструктивті бронх сырқаты ағымының бірнеше ерекшеліктері бар. Олар: балалардың анатомиялык-физиологиялық ерекшеліктері және бронх-өкпе жүйесінің жасқа байланысты морфофункционалдық өзгерістері, тиісті дәрі-дәрмектік емді талап ететін қоса-қабаттасқан (өкпеден тыс) патологияның болуы, бронхылардың гиперреактивтілігіне бейімдік, тыныс жеткіліксіздігінің жиі байқалуы, т.б.

Обструктивті өкпе сырқаттарының негізгі және жағдайға байланысты емі кезінде ингаляциялық препараттарды пайдалануда небулайзерлер мамандардың назарын өзіне аудартып отыр. Біз бронхтың обструктивті аурулары кезінде әр түрлі дәрілермен небулайзерлік ем жүргізудің тиімділігі нәтижелерін сараптадық. 8 бен 12 жас аралағындағы 43 баланы зерттедік. Олардың ішінде клиникалық көрініс кезіндегі әр түрлі бронх обструктивті синдромы бар 15 кыз және 18 ер бала болды. Ем жағдайы мен тиімділігін ведомстволық стандарттарда көзделген клиникалық-зертханалык, функционалдық және аспаптык зерттеу әдістері бойынша бағаладық.

Ұзақ уақытқа созылған небулайзерлік ем тиімділігін бағалау үшін зерттелген емделушілер екі топқа бөлінді: 1 топ – ауыр дәрежелі ОБ (21 бала), II топ – орта  дәрежелі ОБ (17 бала).

I және II топта небулайзерлік терапия (НТ) тиімділігі ауру ағымының сипатына қарай клиникалық-функционалдық параметрлер бойынша ретроспективті түрде бағаланды. Талдау нәтижесінде НТ-ның ОБ кезіндегі негізгі және симптоматикалық емнің тиімді әдісі екендігі анықталды. Небулайзер қолдану арқылы амбулатория-емхана жағдайында стационарлық көмексіз аурудың өршуін тоқтатуға мүмкіндік туды. Ешбір жағдайда кері әсер немесе қажетсіз нәтижелер байқалған жоқ. Бронх обструктивті аурулардың небулайзерлер арқылы үй жағдайындағы негізгі бір курстық емі негізгі препараттармен дәрі-дәрмексіз ремиссия ұзақтығын 40 пайызға арттыруға мүмкіндік берді. Өз жағдайын науқастың өзі бағалауы негізінде сайма-сай превентивті ем ұсынылды; инфекциялық-қабыну асқынулары 40 пайызға төмендетілді, бұл өз кезегінде жүйелі глюкокортикостероидтар қолдану қажеттілігін жойды.

НТ айтарлықтай кері әсер тигізбейді, емнің жарақатсыз әдісі болып табылады. Әдіс балаларға психикалық-эмоциялық қолайсыздық туғызбайды, бұл бронх обструктивті синдромды емдеуде өте маңызды. Бұл ем әдісін енгізуге дәлел – оң  клиникалық-зертханалық әсерлердің алынуы.

Х. У. Қалибекова


You Might Also Like

Новости

Реклама