Последнее обновление

(Время обновление 2 минуты назад)
"Ол менің қызым емес" деп күдіктенген әке үш жасар сәбиді өлтірді

Павлодар облысы Тереңкөл ауданында әкесі өгей қызын аяусыз ұрып, қазасына себепкер болды. Ер адамның қызының өзге еркектен екеніне күдіктенгені айтылуда. Бұл туралы Ozgeris.info сайты хабарлайды.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, 26 жастағы ер адам әйелімен бірге үш жасар қызы мен бір жасар ұлын тәрбиелеп отырған. Алайда, ол тұңғышының өзге еркектен екеніне үнемі күдіктеніп келген.

Прокурордың айтуынша, күдікті 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында баланы жиі ұрып-соғып, түн бойы кереуетке байлап қойған.

Қайғылы оқиға болған күні айыпталушы көршісінің моншасында ішімдік ішіп, үйіне оралған соң қызын алып шығып сабаған. Кейін оны көршісінің ауласына апарып, бетон еденге қатты лақтырған.

Сотқа дейінгі тергеу барысы

«Сағат 22:00 шамасында қызын өзімен бірге моншаға алып кірген. Содан кейін киім ауыстыратын бөлмеде, мас күйде баланы жоғары көтеріп, бетон еденге әдейі лақтырды», - дейді прокурор көмекшісі Елена Корнева.

Осыдан кейін күдікті қызын аудандық ауруханаға апарған. Сараптама нәтижесінде баланың бауыры жыртылып, ішіне қан кеткені анықталды. Алған ауыр жарақаттарынан сәби көз жұмды.

Қазіргі уақытта өз кінәсін мойындаудан бас тартып отырған ер адамға азаптау және адам өлтіру баптары бойынша айып тағылып отыр. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Новости

Реклама