Последнее обновление

(Время обновление 7 минут назад)
"Өлгім келді": Әскерде жағы сынған сарбаз әділетсіздікті әшкереледі

Әлеуметтік желіде Отардағы әскери бөлімде жағы сынған мерзімді қызметтегі сарбаз Есбол Қапардың жақындарына жазған хаттары тарап, қоғамда қызу талқылау тудырды. Бұл жағдайға қатысты пікір білдірген тележурналист Гүлмира Әбіқай Отан қорғауға келген жастардың мұндай қиындықтарға тап болмауы керектігін айтты.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналисттің айтуынша, Гвардейск гарнизонында болған оқиғаға қатысты сарбаз нақты тұлғаларды атап көрсеткен. Алайда, Қорғаныс министрлігі сержанттың қатысы жоқ екенін, бұл екі сарбаз арасындағы төбелес болғанын алға тартуда. Тіпті, екінші сарбаз кінәсін мойындады деген ақпарат та бар. Оқиға куәгерлері де баршылық. Бірақ, сол күні бөлімдегі бейнебақылау камераларының істен шыққаны жағдайды күрделендіріп отыр.

Сарбаздың психологиялық күйзелісі

Желіде жарияланған видеода сарбаздың жақындарына жазған хаттары көрсетілген. Онда Есбол Қапар ауыр психологиялық күйзеліспен өмір сүргенін ашық айтқан. "Асылып өлгім келді. Үйден жіп іздеп таппадым. Жаным қатты қиналды. Пакеттерді байлап көрдім, бірақ үзіліп кетті", - деп жазған сарбаз.

Қазіргі таңда бұл дерек қоғамда кеңінен талқыланып, ресми органдар оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жұмыстарын бастап кетті.

Новости

Реклама