Последнее обновление

(Время обновление 4 дня назад)
Оразалы Досбосыновтың келіні басынан өткен азапты ашып айтты

Оразалы Досбосыновтың келіні Назерке Надирова өзінің басынан өткен ауыр жағдайларды әлеуметтік желіде жариялады. Ол Threads платформасында өзінің бұрынғы күйеуінің суреттері жарияланғанын көріп, шындықты айтуға бел буды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Назерке Надирова өзінің бұрынғы күйеуінің Оразалы Досбосыновтың баласы екенін айтып, жүкті кезінде тастап кеткенін мәлімдеді. 2024 жылы отбасын құрғаннан кейін, қараша айында жүкті екенін білген. Сол кезден бастап өмірі күрт өзгеріп, ұрыс-керіс пен қорлау басталған.

Түнгі үште қашып шыққан

Назерке түнгі үште үйден қашып шыққанын, көз жасын төгіп, жалғыз қалғанын айтты. Оған "бала сенен емес" деп айтуға мәжбүрлеген. Осылайша, ол тоғыз ай бойы жалғыз өзі ауыртпалықты көтеріп, 2025 жылы ұлын дүниеге әкелді.

Назерке Надирова қазір баласын жалғыз өсіріп отырғанын, әкесі тарапынан ешқандай қолдау жоғын айтты. Ол "бұл менің балам" деп бір рет қана көрінген күйеуінің содан кейін ғайып болғанын жеткізді.

Новости

Реклама