Последнее обновление

(Время обновление 2 часа назад)
Ормуз бұғазының жабылуынан күтпеген жерден байыған магнат анықталды

Оңтүстік Кореялық миллиардер Га-Хен Чонг Таяу Шығыстағы жағдай шиеленісіп, Ормуз бұғазының жабылуынан күтпеген жерден пайда тапқан тұлға ретінде танылды. Бұл туралы сала мамандарына сілтеме жасап Bloomberg хабарлады.

Бұғаздың жабылуына бірнеше апта қалғанда, Sinokor компаниясының басшысы алты мұнай танкерін сатып алып, Парсы шығанағына бағыттаған. Аймақтағы экспорттың тоқтауына байланысты мұнай қоймалары толып, Чонгтың компаниясы өз кемелерін шикізатты сақтау үшін жоғары бағамен жалға бере бастады. Күніне 500 мың долларға дейін баратын бұл баға былтырғыдан он есе жоғары.

Bloomberg басылымының хабарлауынша, Чонгтың бұл әрекеті нарықты таң қалдырғанымен, қазіргі мұнай дағдарысынан ол ең көп пайда көретін тұлғалардың біріне айналуы мүмкін. Ақпан айының соңына қарай Sinokor компаниясы әлемдік танкер паркінің шамамен 150-ге жуық супертанкерін бақылауына алған.

Ормуз бұғазы – Парсы шығанағы елдерінен әлемдік нарыққа мұнай мен сұйылтылған табиғи газ жеткізудегі негізгі бағыт. Ол әлемдік мұнай, мұнай өнімдері және СПГ жеткізілімінің шамамен 20 пайызын құрайды.

Бұған дейін Иранның жаңа бас лидері Моджтаба Хаменеи Ормуз бұғазының жабық қалуы керектігін мәлімдеген болатын. Тегеран бұл арқылы АҚШ пен Израильмен қақтығыста қысым көрсету құралын пайдалануды көздеп отыр.

Новости

Реклама