Последнее обновление

(Время обновление 3 месяца назад)
Өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің әріптестері батырдың қызын мектепке апарды

Елордалық ТЖД қызметкерлері өрт сөндіру кезінде ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің қызын 1-сыныпқа алып барды, деп хабарлайды Infohub.kz.

Өрт сөндірушілер батырдың қызын мектеп табалдырығын аттаған алғашқы қадамымен құттықтап, ғүл шоқтарын табыстады.

Алғашқы қоңыраудан кейін Асқар Забикулиннің отбасы білім ордасынан шығып, батырдың есімі берілген өрт сөндіру бөліміне барды.

Асқар Забикулин 2022 жылы Астанада үш адамды қызыл жалыннан арашалаймын деп ажал құшты. Ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушіге I дәрежелі «Айбын» ордені берілді.

You Might Also Like

Новости

Реклама