
Фото: Видеодан кадр
- 02 сент. 2025 10:07
- 34
«Екі жыл бұрын 600 миллион теңгеге жөндеуден өткен»: Өскемеде көпір опырылып түсті
Өскемеде 600 миллион теңгеге жөндеуден өткен көпір опырылып түсті, деп хабарлайды Infohub.kz.
Қазір көпірдің опырылуына байланысты арнайы бөлімшелер жұмылдырылып, оқиғаның салдарын жою үшін жұмыс істеп жатыр.
Өскемен әкімі Алмат Ақыжановтың айтуынша, үш күн бойы қатты жауын-шашын жауғаны салдарынан өзен
деңгейі көтерілген екен. Қала басшысы көпірдің жақын арада қалпына келтірілетініне уәде етті.
«Біз жағдайды бағалау үшін Алматыдан мамандарды шақырдық. Екі жыл бойы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 600 миллион теңге игерілген еді», — деді әкім.