
- 11 мая 2025 21:42
- 64
Осы жылдың жаз айында 11 бағыт бойынша қосымша пойыздар қатынайды
2025 жылғы маусымнан қыркүйекке дейін Қазақстанда жолаушылар тасымалына деген сұранысты қанағаттандыру мақсатында 11 бағыт бойынша қосымша пойыздар жолға шығады. Бұл бастама 270 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.
Қосымша пойыздар бағыттары:
"Тальго" пойыздары:
- №253/254 Астана – Достық – аптасына 2 рет
- №207/208 Алматы – Жалаңашкөл – белгіленген күндерде
- №211/212 Алматы – Достық – күнара
Стандартты пойыздар:
- №221/222 Алматы – Достық – аптасына 3 рет
- №457/458 Семей – Достық – күнара
- №459/460 Өскемен – Достық – күнара
- №201/202 Астана – Алматы – күн сайын
- №203/204 Астана – Шымкент – күн сайын
Қосымша вагондар тіркелетін бағыттар:
- Алматы – Достық
- Қызылорда – Достық
- Павлодар – Достық
Билеттерді қайдан алуға болады: Жолаушылар билеттерді жөнелту күніне 45 күн қалғанда bilet.railways.kz сайтынан немесе теміржол вокзалдарындағы кассалардан сатып ала алады.
Пойыз қозғалысы туралы ақпаратты tablo-railways.kz сайтынан, 1433 нөмірі арқылы колл-орталықтан немесе +7 776 714 5686 WhatsApp чаты арқылы білуге болады.