
- 12 мая 2025 09:17
- 14
Путин Украинамен келіссөз өткізуге дайын екенін мәлімдеді
Ресей президенті Владимир Путин түн ортасында мәлімдеме жасап, Украинамен тікелей келіссөздерге дайын екенін жария етті. Ол бұл кездесуді 15 мамырда Түркияның Ыстанбұл қаласында өткізуді ұсынды.
Мемлекет басшысының айтуынша, келіссөздер алдын ала шарттарсыз өтеді және басты мақсат – қақтығыстың түпкі себептерін анықтап, бейбіт келісімге келу.
«Келіссөздер барысында атысты біржола тоқтату туралы бітімге де қол жеткізуіміз мүмкін», – деді Ресей президенті.
Путин жақын күндері Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, келіссөзді ұйымдастыру мәселесін талқылауды жоспарлап отыр.
-
Ұлттық банк алаяқтыққа қарсы әрекет ету механизмін күшейтпек. Жаңа алгоритмнің арқасында банктер клиент пен алаяқ арасында байланыс орнаған сәтте-ақ қауіп туралы автоматты түрде ескерту жасайтын бо...