Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 08 апр. 2026 10:00
- 25
"Өтпеймін деген өткелден өткізеді": Нұрғали Нүсіпжановтың ұстаздық ұстанымы елді ойландырды
Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов Т.Қ.Жүргенов атындағы Өнер академиясындағы ұстаздық қызметі туралы ойын әлеуметтік желіде бөлісті. Өнер иесі әншілікпен қатар, профессор-оқытушы ретіндегі қызметін ерекше мақтан тұтатынын жеткізді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Әншілігімнен бөлек, профессор-оқытушылығым бар және оны мақтан тұтамын. Ұстаздық жолымдағы ұстанымым – өтпейтін өткелден өткізетін бір-ақ нәрсе – білім мен ғылым", - деп жазды Нұрғали Нүсіпжанов.
Студенттерге айтар өмірлік қағидасы
Әнші жарты ғасырдан астам уақыт бойы студенттерге айтып келе жатқан өмірлік ұстанымын да бөлісті. Ол жастарды ізденуге, білімдерін шыңдауға шақырды.
"Жүректе жарық болса, түнектен қорықпаңдар, ізденген жетер мұратқа. Ілім алып, білімдеріңді шыңдай беріңдер, шырақтарым", - деді өнер майталманы.
Жазба соңында Нұрғали Нүсіпжанов шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі үшін концертмейстер Дина Сұлтановаға алғыс білдірді.
-
Иран выдвинул инициативу по созданию инвестиционного фонда для возмещения ущерба, нанесенного стране, в рамках нового мирного предложения.
-
Kazakhstan's People's Artist Nurgali Nusipzhanov shared his teaching philosophy, emphasizing the crucial role of education and science for students.