Photo: Bia Limova (https://www.pexels.com/@bia-limova-1908542654) / Pexels
- 20 апр. 2026 12:30
- 88
"Отставкаға кетсін!" дейді білікті ұстаз аттестация дауына қатысты
Қазақстандық мұғалімдер арасында қызу талқы ғана емес, реніш тудырып отырған педагогтардың аттестациясы дауға айналып барады. Осы мәселеге байланысты білікті ұстаз Өмір Шыныбекұлы пікір білдіріп, өз талабын жеткізді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аттестация дауы: Ұстаздың үндеуі
Өмір Шыныбекұлы екі аптадан астам уақыт бойы талқыланып жатқан аттестация мәселесінің біртіндеп дауға айнала бастағанын айтты. Соңғы уақыттағы әлеуметтік желідегі ұстаздардың наразылыққа толы пікірлерін алға тартып, ол былай деді: "Педагогтарды аттестациялаудың жаңа жобасы төңірегіндегі дауды тоқтатудың бір-ақ жолы бар".
Министрлік өкілдеріне қойылған талап
Ұстаздың айтуынша, мемлекеттік бюджеттің миллиондаған қаржысын желге шашқан "Мақсатты мектеп" жобасын насихаттап, репутацияларын былғап алған ҚР Оқу-ағарту министрінің вице-министрі М.Мелдебекова мен Орта Білім беру Комитеті төрағасы Қ.Жұмашев отставкаға кетуі тиіс.
Әріптестерінің қолдауы
Танымал белсенді ұстаздың бұл пікіріне әріптестері де қолдау білдірді. Олар "Мақсатты мектеп" жобасы еліміздегі 943 мектептің мұғалімдерін әуре-сарсаңға салды. Сапасыз курстар мен тест сынақтары, слайдқа түсірілген онлайн семинарлар – мұның бәрі ақша игерудің амалы болса керек. Жеке өзім соның тестіне де бармадым, курсын да оқымадым. Сондай шикі жобаларды жүзеге асырғысы келгендер педагогтер қауымдастығы алдында жауап беруі тиіс" деп пікір білдіруде.
-
В Казахстане планируют ввести реестр застройщиков, который повлияет на продажи жилья и защитит права дольщиков. Узнайте, как это коснется покупателей.
-
Ақтаудағы асаба мен оның жұбайы әлеуметтік желіде тараған даулы видеоға қатысты алғаш рет пікір білдірді. Ерлі-зайыптылар блогер Жан Ахмадиевке сұхбат берді.