Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
«Отыздан кейін білдім»: Нұржан Керменбаев шығармашылық сырын ашты

Танымал әнші Нұржан Керменбаев «ҚызықTimes» бағдарламасына қонақ болып, өзінің шығармашылық жаңалықтарымен бөлісті. Эфирді әнші өзінің хит әні «Сенен басқа» туындысымен бастап, көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңа туындылар мен құпия дуэттер

Әнші жуырда тыңдармандарға жаңа әндерін ұсынатынын мәлімдеді. Қазіргі таңда оннан астам ән дайындық үстінде. Олардың қатарында әншінің кіммен бірге орындайтыны әлі құпия болып отырған дуэттер де бар.

Сонымен қатар, Керменбаев жаңа музыканттармен және композиторлармен жұмыс істей бастағанын айтты. Бұл оның шығармашылық ізденісінің жаңа кезеңін білдіреді.

Перфекционизм және шығармашылық

Нұржан Керменбаев шығармашылыққа деген жауапкершілігін ерекше атап өтті. Бұған дейін өзіне ұнамай қалған әндері де болғанын мойындаған әнші, бұл жолғы жұмыстардың көңілінен шығып жатқанын жеткізді.

«Менде перфекционизм деген дүние бар екенін отыздан кейін біле бастадым. Өзіме үңіле бастап, өзімнің қандай екенімді тани бастағанда түсіндім. Әр нәрсе өз орнында тұратын болса, миым тынышталады екен. Ал креатив үшін, басқа да шығармашылық дүние үшін миың тыныш болуы керек», - дейді әнші.

Новости

Реклама