Последнее обновление

(Время обновление 1 минуту назад)
Өзбекстанда менингококк инфекциясының өршуі: Қазақстанға қауіп төніп тұр ма?

Соңғы апталарда Өзбекстанда менингококк инфекциясының өршіп бара жатқаны туралы ақпараттар жиілеп кетті. Ресми деректерге сүйенсек, 2026 жылдың бірінші тоқсанында көрші елде 174 адам осы дертке шалдыққан, оның 168-і – 14 жасқа дейінгі балалар.

Бұл жағдайға байланысты Өзбекстанда науқастармен байланыста болған бес мыңға жуық адамға екпе салынды. Осыған орай, Қазақстанда да инфекцияның таралу қаупі бар ма және бізде осындай жағдайлар тіркелді ме деген сұрақ туындайды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандағы менингококк инфекциясының статистикасы

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметінше, Қазақстанда менингококк инфекциясына қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда.

2026 жылдың басынан бері елімізде 15 жағдай тіркелген, оның 12-сі – 14 жасқа дейінгі балалар арасында.

«Өткен жылдың осы кезеңінде 29 жағдай тіркелген болатын. Яғни, ауру деңгейінің төмендегені байқалады», - делінген Орталықтың жауабында.

Ұлттық орталықтың дерегінше, ауру анықталған жағдайда алдын алу шаралары күшейтіледі: науқастармен байланыста болғандар тексеріліп, олардың жағдайы бақыланады және қажет болғанда ем тағайындалады. Адамдарға үйді жиі желдету және науқастармен жақын қарым-қатынастан аулақ болу ұсынылады.

Инфекция қазақстандықтар үшін қаншалықты қауіпті?

Ұлттық орталық қазіргі таңда Өзбекстанда болған қазақстандықтар арасында инфекция жұқтырған расталған жағдайлар жоқ екенін хабарлады.

«Алайда, инфекциялық аурулардың шекара білмейтінін естен шығармаған жөн. Сондықтан алдын алу және медициналық көмекке уақытылы жүгіну мәселелері баршаға өзекті болып қала береді»,- дейді мамандар.

Қазақстандықтарға шетелге сапар алдында баратын елдегі эпидемиологиялық жағдайды алдын ала тексеріп алу ұсынылады. Бұл үшін халықтың денсаулық қауіпсіздігі картасы Saqbol қолжетімді, онда әлемдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, елге кіру және вакциналау бойынша қолданыстағы талаптар туралы өзекті ақпараттар жарияланады.

Менингококк инфекциясы: белгілері мен алдын алу

Менингококк инфекциясы – бұл бас ми қабықтарын зақымдайтын жедел ауру. Қоздырғышы – менингококк бактериясы, ол жөтелгенде, сөйлегенде немесе түшкіргенде ауа арқылы беріледі.

«Адамдармен жақын байланыста, мысалы, сүйіскенде немесе ортақ ыдыс-аяқ қолданғанда жұқтыруға болады. Бактерия мұрын-жұтқыншақ арқылы қанға өтіп, кейін бас және жұлын миына жетуі мүмкін», - деп нақтылады сарапшылар.

Инфекцияның көзі – ауру адам немесе ешқандай белгісі жоқ тасымалдаушы болуы мүмкін. Ол жатақханалар, әскери казармалар, балабақшалар сияқты тығыз байланыс кезінде оңай таралады. Әсіресе, иммунитеті әлсіз адамдар үшін қауіпті.

«Көптеген адамдар ауырмаса да, инфекцияны тасымалдап, айналасындағыларға жұқтырады. Менингококк инфекциясы жеңіл мұрынмен қатар, бірнеше сағат ішінде өлімге әкеп соқтыратын өте қауіпті (менингит, сепсис) түрлеріне де ұласуы мүмкін. Кеш жүгінген жағдайда өлім-жітім қаупі жоғары», - дейді мамандар.

Ауру кәдімгі суық тию сияқты – температура, әлсіздік және бас ауруымен басталып, кейін тез арада ауыр формаға ауысуы мүмкін. Сарапшылар келесі симптомдар байқалған жағдайда дереу дәрігерге қаралуды ұсынады:

Менингококк бактерияларынан ең тиімді қорғаныс – вакциналау.

Новости

Реклама