Последнее обновление

(Время обновление 7 месяцев назад)
Пәкістан премьері Үндістанға қатаң ескерту жасады

 

Пәкістан премьер-министрі Үндістан тарапынан жасалған әскери шабуылға байланысты мәлімдеме жасап, елдің егемендігіне қол сұғушыларға қарсы қатаң жауап берілетінін жеткізді.

Ол өз сөзінде:
— "Үндістан шабуылынан төгілген әр тамшы қанның кегін қайтарамыз", — деп мәлімдеп, ел армиясының 240 миллион пәкістандықты қорғағанына тоқталды.
— "Біз армиямызбен мақтанамыз. Үндістан БҰҰ Жарғылары мен халықаралық құқықты елемеді", — деді премьер.
— Сондай-ақ Кашмир халқының өз тағдырын өзі айқындауға толық құқығы бар екенін атап өтті.
— "Армия мен халықтың бірлігі – бізді мызғымас күшке айналдырды. Біз өлімнен қорықпаймыз, қажет болса, жеңіс жолында жанымызды құрбан етуге дайынбыз", — деді ол.

Бұл мәлімдеме аймақтағы жағдайдың ушығуына себеп болған үнді-пәкістан шиеленісіне байланысты жасалды.

You Might Also Like

Новости

Реклама