instagram.com/kazparalympics
- 14 мар. 2026 21:00
- 33
Паралимпиада-2026: Қазақстандықтар Италияда бесінші орыннан көрінді
14 наурызда Италияда өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы парашаңғы жарысы бойынша ашық эстафетада сынға түсті. Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Владислав Кобаль және Нұрлан Акимов сынға түскен команда 4х2,5 шақырымдық дистанцияда бесінші орынды иеленді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандықтардың нәтижесі
Қазақстан құрамасы жарысты бірінші орыннан 1 минут 24,1 секундқа қалып қойып аяқтады. Алтынды қытайлық спортшылар жеңіп алса, күміс пен қола Германия мен Норвегия командаларына бұйырды.
Бұған дейін Ербол Хамитов паралимпиадада екі медаль жеңіп алған болатын. Ол алдымен шаңғы спринтінде қола жүлдегер атанса, кейін биатлоннан қуалай жарыста алтын медальді қанжығалады.