Photo: Juan Pablo Serrano (https://www.pexels.com/@juanpphotoandvideo) / Pexels
- 12 мар. 2026 18:30
- 32
"Пирожки пісіріп, бізге әкеліп беретін": Күдікті Сұлтан Сәрсемалиевтің көршісі ел естімеген жайтты айтты
Атырауда болған қанды оқиғаға қатысты күдікті ретінде аты аңызға айналған Сұлтан мен Ақбаянның бұрынғы көршілері олар туралы естімеген деректерді жария етті. Бұл туралы КТК телеарнасының Атырау облысындағы тілшісі Жанат Молдашеваға хабарланған.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға болған үйдің бұрынғы тұрғындарының бірінің айтуынша, 2023 жылы олар сол үйдің екінші жағын жалдап тұрған кезде Сұлтан мен Ақбаян олардың көршісі болған. Сырт көзге олар өте қарапайым, тыныш отбасы болып көрінген. Көршілердің айтуынша, Сұлтан мен Ақбаян оларға өте жақсы қарым-қатынаста болып, тіпті жұма сайын пирожки мен бауырсақ пісіріп әкеліп беріп отырған.
Жуас көрінген отбасы
Көршілердің сөзінше, Сұлтан мен Ақбаянның мінез-құлқынан ешқандай оғаштық байқалмаған. Ақбаян үйін жинап, таза ұстайтын, ал Сұлтан өте салмақты әрі сенімді жан болған. Тіпті, көршісінің жолдасы түнгі ауысымда жұмыс істегенде, балаларын Сұлтанға қарап отыруға сеніп тапсырып кететін болған.
«Олар бізге өте жуас отбасы болып көрінген еді. Сұлтанның Наурыз есімді ағасы да келіп тұратын, оны да көріп жүрдік. Ақбаянның анасы да жиі келіп, балаларын қарайтын. Біз 2023 жылдың жазында көшіп кеттік. Қазір ойлап отырсақ, «үндемейтін жуас адамнан қорқу керек» деген сөздің рас екеніне көзіміз жетті. Адамнан қорқатын заман болды ғой», - дейді көршісі.
-
Former neighbors of Sultan Sarsemaliev and Akbayan, suspects in a violent Atyrau incident, share unexpected insights into their seemingly peaceful lives.