Последнее обновление

(Время обновление 7 месяцев назад)
Премьер-министр Олжас Бектенов су үнемдеу технологияларын енгізуді жандандыруды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов су үнемдеу технологияларын енгізуді жандандыруды тапсырды,деп хабарлайды Infohub.kz.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов ауыл шаруашылығында су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесін көтеріп, су үнемдеу технологияларын жедел енгізу қажеттігін атап өтті. Ол климаттық өзгерістер мен су қорларының қысқаруына байланысты аграршыларды жүйелі түрде қолдаудың маңыздылығын айтты.

– Ылғал көп қажет ететін дақылдарға тәуелділікті азайту, құрғақшылыққа төзімді агротехнологияларды енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет. Ауа райының қолайсыздығы болашақ егіннің сапасына әсер етпеуі үшін алдын ала шаралар қабылдау керек, – деді Бектенов.

Су ресурстары және ирригация министрлігіне Қаржы министрлігі мен облыс әкімдіктерімен бірлесіп, су тапшылығы қаупі жоғары өңірлерді басым қаржыландыру және фермерлерді тамшылатып және жаңбырлатып суаруға көшуге ынталандыру шараларын әзірлеу тапсырылды.

You Might Also Like

Новости

Реклама