
- 20 мая 2025 18:49
- 19
Президент мәдениет пен өнер саласы қызметкерлерін марапаттады
Ақордада мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық руханиятты байыту мен елдің мәдени болмысын сақтауға үлес қосып жүрген сала өкілдеріне алғыс білдірді.
Президенттің айтуынша, мәдениет – ұлттың төлқұжаты. «Біз – Ұлы даланың мәдени мұрасын жалғастырушы ұрпақпыз. Бүгінде қазақ өнері әлем сахнасында лайықты танылып келеді. Музыканттарымыз бен киногерлеріміз халықаралық деңгейде жоғары баға алуда. Фольклорлық мұраларымыз цифрлық форматқа көшіріліп, әлемдік платформаларға жүктелуде. Бұл бағытта креативті индустрияның рөлі зор», – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр елімізде 45 жаңа мәдениет нысаны салынғанын атап өтті. Театрлардың жағдайын жақсарту қажеттігін айтып, аймақтық театрларға қолдау көрсетуді тапсырды. Бұл бағытта кәсіпкерлер мен меценаттарды белсенді қатысуға шақырды.
-
Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысында марқұмның жаппай соққыға жығылған сәті көрсетілген бейнежазба ұсынылды. Куәгер балконнан түсірген видеода Шерзаттың жерде жатқан ...